427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам ауруханаға түсті

  • 108
  • UPD: 11:50, 01.06.2021

Қызылорда қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында сақтаулы тұрған 6 тонна дизель отыны мен 4 тонна АИ-92 маркалы бензин жанып кетті.

Ірі өрт оқиғасы кезінде 1992 жылы туған ер азаматты күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Куәгерлердің айтуынша, әуелі үй ауласындағы жанар-жағармай тасымалдайтын көлікті қызыл жалын шарпыған. Артынша тілсіз жау ірі көлемде жанармай тұрған сарайды да жалмаған. Өртті көндіруге 15 техника мен төтенше жағдай департаментінің 52 қызметкері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

Нұрсұлтан Ибрагимов, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ басшысы: 

- Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмауынан осы өрт оқиғасына ұласып отыр. Негізі тұрғын үйлерде тез жанғыш жанар-жағармай сақтауға қатаң жауапкершілік қаралады. Оған байланысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Алматы - Өскемен автожолының 1063 шақырымында көлік апатынан 1 адам қаза болды. Chery маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі бұрылыс кезінде жол ережесін бұзу салдарынан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасында жеңіл автокөліктің жүргізушісі көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы зерделенуде.

Хабар 24 телеарнасы