Каспий жағалауынан браконьерлік база табылды

Атырау облысында Каспий жағалауынан браконьерлік база табылды.

Табиғат қорғаушылар тікұшақпен барлау барысында Жылыой ауданы Терең-Өзек кен орнына жақын жерде қамыс қопасының арасынан табиғат қаскөйлерінің төсек орындары, керек-жарағы, мылтық, балық аулау құралдары, резеңке қайықтар мен жол талғамайтын көліктер табылды.

Айғақ заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.