427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада отбасылық демалысқа барған әйел көлге батып кетті

  • 119
  • UPD: 14:53, 01.06.2021
Қызылордада отбасылық демалысқа барған әйел көлге батып кетті

Қызылорда облысында отбасылық демалысқа барған әйел көлге суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында болған. Елді мекен жанындағы Ызакөл аумағына 50 жастағы әйел отбасылық демалысқа барған.

«Бұл жөніндегі хабарлама №12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс нөміріне түсті. Онда көлге суға шомылмақ болған әйел көлге батып кетіп, көз жұмғаны айтылған. Оның денесін тұрғындар шығарып алған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы