Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда сағат 23:10-да Павлодар ауданы Луганск ауылының жанындағы Ефремовка-Луганск автожолының 10 шақырымында «Тойота Естима» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, автокөлік айып тұрағына қамалды. Тексеру жүргізіледі.