Ақмола облысында өзен жағасынан екі әйелдің мәйіті табылды

Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің жағасында екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне теміржол саяжайы аумағында екі әйелдің Шағалалы өзеніне қарай кеткендігі туралы ақпарат түсті.

«Өзен жағасына жеткен тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы екі әйелдің денесін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот-медициналық топ олардың денесінен күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», – деді ведомстводан.