Сәбиін 7 млн теңгеге сатпақ болған безбүйрек ана ұсталды

Түркістан облысында 27 жастағы безбүйрек ана осындай қадамға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті баланы сатып алушы табылып, құжатын заңдастыру үшін нотариусқа жүгінген. Мұны естіп, жағасын ұстаған нотариус жергілікті арна тілшілеріне хабарлады. Журналистер бірден прокуратураға жеткізіп, көкек ананың арам пиғылын іске асырмақ болған жерінен ұстады. Безбүйрек ана он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәлім болғандай, баланың әкесі кім екені белгісіз, ал келіншек есірткіге әуес болған. Оның бір жылдан бері сәбилі болғанынан ата-анасы бейхабар. Өкпесі қабынған нәресте қазір ауруханада, денсаулығы оңалған соң ол бөбектер үйіне орналастырылады. 

Ғалымжан Оңалбек, қалалық прокуратураның прокуроры:

– Баласын сатпақ болған Е есімді азаматша ұсталды. Ол кісіге қазір Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 135 бабы 2-бөлігі, 12-тармағымен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ...