Оралда несие беретін ғимаратқа басып кірген қос күдікті ұсталды

Оралдық полицейлер несие қаржысын берумен айналысатын мекеме ғимаратына басып кірген қос күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «К» есімді азаматшаны пышақпен қорқытып, 50 мың теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленуші «102» арнасына хабарлама түсірген бойда патрульдік полиция қызметкерлері жедел қимылдап, 10 минут ішінде екі ер адамды ұстады. Олардың жасы – 20-25 шамасында. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қарақшылық, яғни ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Сондай-ақ...