Қарағандыда газ жарылып ер адам көз жұмды

Қарағанды қаласының орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 маусым күні сағат 19:57-де Қарағанды қаласы Гоголь көшесіндегі бес қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

«Оқиғадан 2 бөлмелі пәтердің тірек конструкциялары бұзылмаған, бірақ ішкі бөлікке зақым келген. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке бас анықталуда», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі. Үйден 10 адам эвакуацияланды.