Шымкентте дауылдан шатырлар ұшты: зардап шеккендер бар

Шымкентте қатты дауыл салдарынан бірнеше ғимараттың шатырлары ұшып, көліктердің үстіне құлаған.

Осылайша 6 автокөлікке зақым келіп, 5 жасар бала жапа шекті, деп хабарлайды осы қаланың Төтенше жағдайлар департаменті. Қаратау ауданындағы бірқатар тұрғын алабы жарықсыз қалып еді. Мамандар түн уақытында электр қуатын қалпына келтірді. Осы оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ал жеке құрам күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Айта кету керек, кеше кешке бұл мегаполисте желдің жылдамдығы секундына 26 метрге дейін жетті.