Оралда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, көз жұмды

Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен екі жастағы бала құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Зашаған кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ата-анасы назарсыз қалдырған екі жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды.