Павлодар облысында көлік ағашқа соғылып, жолаушы көз жұмды

Қайғылы оқиға Әуежай – Павлодар автожолында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 23.00-де BMW автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, рөлді басқара алмай қалып, ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіледі», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 168 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алған.