ШҚО-дағы Жезкент кентінде үш жасар бала терезеден құлап кетті

Шығыс Қазақстан облысы Жезкент кентінде 3 жасар бала терезеден құлап кетті.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-анасының қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен.

«Баланың жағдайы ауыр, қазір ауруханада жатыр. Көбінесе бұндай жазатайым оқиғалар ата-аналар қорғаныс құрылғыларын уақытында орнатпағандықтан және балаларды жалғыз қалдырып, немқұрайдылық танытқандықтан болады. Департамент мамандары акциялар, профилактикалық рейдтер өткізіп, ата-аналарға қауіпсіздік шараларын жеткізеді, алайда барлық отбасылар туындаған проблеманың мәнін түсінбейді. Ата-аналардың өздері жауапкершілік танытып, баласының қауіпсіздігі туралы алаңдамаса, қайғылы жағдайлар жалғаса береді», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар бұл өңірдегі жыл басынан бергі екінші оқиға екенін атап өтті.

Көбіне жазатайым оқиғалар ата-аналардың қорғаныс құрылғыларын уақытында орнатпағанынан және балаларды жалғыз қалдырып, немқұрайлылық танытуынан болады.

Сондай-ақ...