Арқалықта полицейлер 14 жастағы бала басқарған көлікті оқ атып тоқтатты

Қостанай облысының Арқалық қаласында полицейлер джип көлігін тоқтату үшін қару қолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқиға туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Рөлде жас баланың отырғанын көруге болады. Қасындағы ер адам балаға «Тоқтама, жылдамдықты арттыр» деп кеңес беріп отыр. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтату дөңгелегіне оқ атқан. Себебі полициядан қашқан транспорт өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Кейін анықталғандай, көлікті 14 жастағы бала басқарған. Қасындағы ер адам 35 жастағы әкесі мас күйінде болған. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалды.