Арқалықта 14 жастағы баласына көлік басқартқан жүргізуші елден кешірім сұрады

Қостанай облысында кәмелет жасқа толмаған баласына көлік басқартып, полициядан қашқан жүргізуші елден кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тек қару қолданған соң тоқтауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы автокөлікті дөңгелегін атып барып бірақ тоқтатқан. 35 жастағы көлік иесі кінәсін мойындады. 

Сергей Буглов, Қостанай қаласының тұрғыны:

– Маған тағылған айыппен келісемін. Баламның, жүргіншілердің денсаулығына қауіп төндірдім. Сол үшін кешірім сұраймын. Жол патрульдік полиция қызметкерлері дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Олар тек дөңгелекке оқ атты. Сондықтан қызметкерлердің жазаланбауын сұраймын. Олар өз қызметі шеңберінде әрекет етті.

Арқалықта полицейлер 14 жастағы бала басқарған көлікті оқ атып тоқтатты