Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонап кетті

Алматы қаласында тапа-тал түсте бойжеткенді тонап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға таңертең 10-дар шамасында Айвазов көшесінде болған. Қызыл киімдегі күдікті бойжеткенді итеріп, сөмкесін тартып алған. Сөйтіп із суытқан. Полиция қазір бейнекамералар арқылы күдіктінің ізіне түсіп, іздестіріп жатыр.