Елордадағы барда бір уақытта 250 адамның отырғаны анықталды

Елордада барда бір уақытта 250 адамның отырғаны анықталды. Өткен тәулікте арнайы мониторинг тобы ереже-талапты бұзған 5 нысанның иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында бірден 4 нысан карантиндік режимді бұзған. Оның екеуі лотоклуб болса, біреуі түнгі клуб, енді бірі бар. Ал Сарыарқа ауданында асхана түнгі оннан кейін де жұмыс істесе, Байқоңыр ауданындағы мейрамханада 50 адаммен той өткен. Бір бұл емес. Есіл ауданындағы барда бір мезетте 250 адамның демалып жатқаны анықталды.

Атап өтейік, бірнеше айдан бері мониторингтік топ өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ел астанасы эпидемиологиялық ахуал бойынша осымен үшінші ай «қызыл аймақта» тұр.