426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 11 жасар қыз жоғалып кетті

  • 147
  • UPD: 19:01, 05.06.2021
Петропавлда 11 жасар қыз жоғалып кетті

Петропавлда 11 жасар қыз іздестіріліп жатыр, ол кешеден бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде 11 жасар Полина Шапарьдің жоғалғандығы жөнінде жазба тарады.

Жасөспірім 4 маусым күні Петропавлдағы Батыр Баян көшесіндегі үйінен сағат 16:00 шамасында шығып кеткен.

Жазбаны таратқан волонтерлердің айтуынша, бойы 150 см, шашы ашық қырмызы түске боялған. Сол күні үстінде қара-қызыл кереге көз жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара аяқ киім болған.

Анасының айтуынша, әдетте құрбысымен саябақта немесе үй маңында қыдырған.

Жоғалған қыз туралы көрген, білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 телефон номеріне хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы