Петропавлда су тасығыш көлік «Фольксвагенді» қабырғаға кіргізіп жіберді

Петропавлда су тасығыш көлік «Фольксвагенді» қабырғаға кіргізіп жіберді

Петропавлда су тасығыш көліктің жүргізушісі автотұрақта тұрған екі жеңіл көлікпен соқтығысып, зиян келтірді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 маусым күні болған.

«ЗИЛ 431410» көлігінің 56 жастағы жүргізушісі шегініп жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан «Қызылжар Су» АҚ автотұрағында тұрған жеңіл көліктермен соқтығысты. Қатты соққыдан «Volkswagen Golf» автокөлігі бетон қоршаудың қабырғасын тесіп өткен. Жанында тұрған «Ravon» көлігіне де зақым келді.