Атырау облысында сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

Атырау облысында сарматтар дәуіріне тән қорымға қазба жұмыстарын жүргізген археологтар үлкен олжаға кенелді.

Қызылқоға ауданының Мұқыр елді мекеніндегі Қарақұдық қорымынан 3 сармат жауынгерінің сүйегі табылды. Бір қорғанда 3 адамның жерленуі археологияда сирек кездесетін көрінеді. Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізіледі. Қазба жұмыстары кезінде жебелер, найза, қылыш және тас қайрақ пен қыш құмыра табылған.

АмангелдІ Зайнов, археолог:

- Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған болатын. Қарақұдық қорғандар тобы сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезең халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлаудамыз.