Шығысқазақстандық құтқарушылар әйел адамды құтқарды

Таңертең 101 қызметіне Өскемен қаласының Назарбаев даңғылында орналасқан үйдің үшінші қабатының терезесінде әйел тұрғаны туралы қоңырау түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткен. Ол кезде әйел балконға ілініп, құлаудың аз-ақ алдында тұрды. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкері Шыңғыс Смағұлов 4 қабаттан құтқару арқанымен балконға түсіп, соңғы сәтте әйелді ұстап қалды. Оны ақырын төмен түсірді. Шыңғыс әрекет етіп жатқанда, оны құтқарушылар мен полиция қызметкерлері төменнен кенепті созып, сақтандырып тұрды.

1981 жылы туған әйел адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі