Павлодарда мас әйел балконнан құлап кетті

Павлодарда мас әйел бесінші қабаттағы балконнан құлап кетті.

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жазатайым оқиға 7 маусым күні сағат 07.10-да Толстой көшесінде болған.

«47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5-қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен», - дейді департаментте.