426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді

  • 105
  • UPD: 15:53, 08.06.2021
Қостанайда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді

Полицейлер «ВАЗ-2109» көлігін тоқтатып, салонның артқы орындығынан екі полиэтиленді қапқа оранған өсімдік тектес затты тәркілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту кезінде оның марихуана екені анықталды. Улы заттың жалпы салмағы сексен келіден асқан. Қара нарықта оның бағасы сегіз миллион теңге тұрады. Ұсталған күдікті Бейімбет Майлин ауданының 61 жастағы тұрғыны боп шықты. Ол марихуананы сатып, пайда таппақ болған.

Айгүл Ерәділова, ПД Есірткі қылмысымен күрес басқармасының жедел уәкілі:

- ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні күдікті тұлға қамауға алынды. 1 маусымнан 31 қазан аралығында Қостанай облысы аумағында «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Бүгінгі күні 7 күн ішінде полиция қызметкерлерімен есірткіге қатысты қылмыс және құқық бұзушылықтың 14 фактісі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы