Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті

Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті. Оқиға бүгін таңертең 15 шаршы метр аумақта орналасқан Герцен көшесіндегі дүкендердің бірінде болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтап үлгірді. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен  жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.