Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды

Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол түнгі сағат 02:50-де белгісіз адамның Samsung galaxy ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, қашып кеткендігі туралы айтты. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ Тараз қаласының Жедел бақылау орталығындағы бейнебақылау камералары операторларының жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде полиция қызметкерлері 39 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады және ол жәбірленушімен танылды. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.