Орал тұрғынының 15 млн теңгесін алдап алған адам қолға түсті

Оралда 30 жастағы тұрғынның 15 миллион теңгесін заңсыз жолмен иемденген күдікті қолға түсті.

Қазір атыраулық азаматқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері Оралда 600-ден аса тұрғын алаяқтарға алданып қалған. Қаржы жымқыру қылмысы былтырмен салыстырғанда екі есеге көбейіп кеткен. Полицейлер интернет алаяқтарының өсуін пандемия кезінде онлайн сауданың қызғанымен түсіндіреді. Қулардың құрығына түскендердің көбі тауар немесе қызметтің бар-жоғына көз жеткізбей, қаржысын аудара салады. Алаяқтарды тауып, жазаға тарту оңай емес. Өйткені олар өзге өңірде отырып, қылмыстық әрекетін іске асыра береді.

Олжас Шүйіншәлиев, БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Уотсап желісі арқылы сөйлесіп, сол арқылы кезектен тыс пәтер алып беремін деген сылтаумен өзінің есеп-шотып аудартқызып ақшаны немесе былай адамдармен бетпе-бет кездесіп ақша алған. Осындай қылмыс фактілері анықталды.