Ағайындылар «гашиш» жеткізу бойынша қылмыстық жоспар құрмақ болған

35 пен 40 жас аралығындағы ағайынды өскемендіктер отбасылық есірткі бизнесін қолға алуды жоспарлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кенжесі «гашиштің» аса ірі партиясын облыс орталығына жеткізіп отырған. Полицейлер оны сатып пайда табу жолын кесті. Күдіктілерді тінту кезінде 10 киллограм тиым салынған ұнтақ тәріздес зат тәркіленген. Ағайындылар 15 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі мүмкін.