СҚО-да ескертуді елемеген ер адам үйінде жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, 49 жастағы ер адам үйінде жанып кеткен. Өкініштісі, жалғыз тұратын азаматтың баспанасынан осыдан екі апта бұрын өрт шыққан. Сол кезде тілсіз жауды сөндірген мамандар оған абай болуын айтып, ескерту жасапты. Алайда осыған қарамастан жағдай тағы да қайталанды. Бұл жолы оқиға қайғылы аяқталған.

Дмитрий Растихин, ТЖД өртті бақылау басқармасының басшысы:

- Үйдің шатыры болмаған. Себебі осыдан екі апта бұрын өрт болып, өшіргенбіз. Тұрғындарға, соның ішінде осы марқұмға да қауіпсіздік шаралары бір адамдай айтылған. Бірақ немқұрайлықтың салдары қайғылы аяқталып отыр. Өрттің шығуына отты бей-берекет пайдалану себеп болған.

Сондай-ақ...