Шымкентте балкон арқылы алтын бұйымдар ұрлаған ер адам ұсталды

Шымкентте балкон арқылы алтын бұйымдар ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйінің балконы арқылы кіріп, жатын бөлмесінде тұрған құны 80 мың теңге тұратын бір дана алтын комплект сырға және сақинасын, құны 110 мың теңге тұратын бір дана алтын комплект сырға мен сақинасын, құны 15 000 теңге тұратын аяқ киімін және қонақ бөлмесінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 250 000 теңгені құрады. Қаратау АПБ КПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.