СҚО-да суға батып кеткен 8 жастағы қыз іздестірілуде

Қайғылы жағдай Есіл ауданына қарасты Пакровка ауылында болған.

Болжам бойынша, әжесіне каникулға келген жеткіншек Есіл өзеніне ағып кеткен. Күндіз туған ағасымен бірге ойнауға шығып, келмеген қыз туралы полицейлерге әжесі хабарлаған. Тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ауыл тұрғындары өзеннің жағасын түні бойы шарлап, оның киім-кешектерін тауып алды. Кейін бірге болған ағасы қарсындасының батып кеткенін айтты.