БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды.

Оқиға кеше кешкісін Орал-Ақсай тасжолында болған. 28 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Көлікте болған жолаушылар дін аман.

Марқұм ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет еткен. Әріптестері оны жауапкершілгі жоғары қызметкер деп еске алады. Аға сержанттың артында 2 баласы қалды. Оқиға бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу жүріп жатыр.