Алматы облысында жолды су шайып кетті

Алматы облысының Панфилов ауданында нөсер жауын салдарынан сел жүрді. Тасқын су Ақжазық ауылы маңындағы республикалық тас жолдың 800 метр жерін шайып кетті.

Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбада лай судың көпір үстімен аққаны байқалады. Екпіні де қатты екені көрініп тұр. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті күшейтіп кезекшілік атқарып жүр. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесі өкілдерінің айтуынша, табиғаттың тосын мінезінен ешкім зардап шеккен жоқ. Жаркент өңірінде соңғы үш жылда осындай жағдай 3 рет қайталанған. 

Мұрат Садықов, облыстық ТЖД Басқармасының бастығы:

- Бізде  243 сел жүру және 193 лай көшкіні болуы мүмкін деген қауіпті аймақтың бар екені анықталды. Ол жерлерде күн сайын мониторинг жүргізіліп, жағдайды «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері бақылап отыр. Мәліметтер күніне екі рет облыстық ТЖД өкілдеріне жіберіледі.  Жағдай күрделенсе облыс тұрғындарына ескертілетін болады.

Сондай-ақ...