ШҚО-да су қоймасының бөгеті жарылып кетті

Күршім өзені бойында биыл салынған су қоймасының бөгеті жарылып кетті.

«Көмейдің» зардабын Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдарының тұрғындары тартып отыр. Себебі аталған ауылдардың егістігіне қоймаға жиналған су «Жауғашты» каналы арқылы келеді. Биыл қардың аздығынан Күршім өзенінің деңгейі де түсіп кеткен. Су жиналатын бөгеттің бұзылуы жығылғанға жұдырық болды. Ал «Жауғашты» каналының ұзындығы 25 шақырымдай болады. Биыл дұрыс су жиналмағандықтан мыңдаған гектар алқапқа су жетпей жатыр. Кейбір ауылдың бау-бақшасы қурай бастаған. Жалпы Шығыста көктемнен бері қуаңшылық болып тұр.

Қымбат Қасабаев, Сарыөлең ауылының тұрғыны:

- Екінші судан салынған платина жарылып, судың деңгейі ар жаққа ағып кеткен. Бері қарай Жауғашты каналына шығатын деңгейі жоқ. Бұл күрделі жөндеуден 2000 жылдары итальяндық компания өткізген. Табиғи апаттың салдарынан су шайып кетіп отыр. Жауғашты каналына су  жетпей азын-аулақ су келіп отыр.