Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған.

«Өзбекстан Республикасының азаматы Атырау қаласында уақытша тұру үшін тіркелмек болған. Алайда көші-қон бөлімінің қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығында оның құжаттарын тексеру кезінде халықаралық іздеудегі азамат екенін анықталды. Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адам Мордовия Республикасында РФ Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлімімен айыпты деп танылған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бір жыл бұрын құқық қорғау органдары өзбекстандық азаматқа халықаралық іздеу жариялаған.