Алматыда дүкен өртеніп, жалын көрші ғимаратты шарпыды

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын кеше түнгі 23:30 шамасында тұтанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты дүкеннің өртеніп жатқанын көрген. Тілсіз жау оның жанындағы жапсарлас үш қабатты ғимаратқа жайылған. Отты сөндіруге 70-тен астам құтқарушы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.