Ақтауда әйел үшінші қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға Ақтаудың 5 шағын ауданында болды.

Үшінші қабаттан 36 жастағы әйел құлап түсті, деп жазады lada.kz. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай бүгін, 11 маусымда, Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы үйлердің бірінде орын алды.

– Ақтау полиция басқармасы 102 операторының пультіне үшінші қабаттан адам құлағаны туралы қоңырау түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ақтау полиция басқармасының жедел тобы жұмыс істеуде, – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Куәгерлердің айтуынша, әйел қайғылы оқиға орнында қайтыс болған.