Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында жоғалған 7 туристің екеуі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 127 адам, 18 техника сонымен бірге бір тікұшақ жұмылдырылған. Иісшіл иттер де бар. Жоғалғандардың туыстары да тау-тасты шарлап жүр.

Айта кетейік, бұған дейін жоғалған төртеудің 3-еуі аман-есен табылған еді. Өкініштісі, екеуі өлі күйінде жеткізілді.