Павлодарда автокөлік жанып кетті

Бүгін Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11:26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

«Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген», - дейді департаментте.

Сағат 11:39-да өрт сөндірілді. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты.

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.