Түркістан облысында тауда жоғалған туристің мәйіті табылды

Түркістан облысындағы Мақпалсай шатқалынан жоғалған 7 туристің бірінің денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табылған мүрденің өз баласы екенін әкесі таныған. Бұл туралы Төтенше жағдай министрілгі хабарлады. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен алып шығуға мүмкіндік болмаған. Құтқаушылар жотаға жаяу шықты. Сөйтіп мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған 7 туристің үшеуі аман-есен табылған еді. Екеуінің өлі денесі бұған дейін жеткізілген. Енді тағы біреуінің мүрдесі табылды. Қалған біреуі тоқтаусыз іздестіріліп жатыр.