Таразда полицейлер мен дәрігерлер препараттардан уланған баланы құтқарды

Тараздық полицейлер дәрі-дәрмектен уланған бүлдіршінді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейтаныс әйел патрульдік экипаждардың біріне үрейленіп жүгіріп келеді. Бойын қатты қорқыныш билеген ол полицияға ұлының абайсызда дәрі-дәрмектерден уланғанын айтады. Баласының өміріне төнген қауіптен қорыққан ата-аналар үйге жедел жәрдем шақыруға уақыт жоғалтпай, ауруханаға өздері апаруға асыққан. Алайда уақыттың қарбалас кезі – көлік кептелесі оларға айтарлықтай кедергі келтірген. Полиция қызметкерлері кішкентай пациентті құтқару үшін шұғыл шешім қабылдайды. Полицейлер көп ойланбастан дабыл белгісін қосып, кедергісіз дәлізді қамтамасыз етіп, көлікті дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізеді. Дәрігерлер де баланы шұғыл бақылауға алған.