Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Департаменттің хабарлауынша, полицей қызметтік көлігімен Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Күтпеген жерден маневр жасай бастаған көліктен қашқан тәртіп сақшысы автокөлік жуу орнына қарай бұрылады. Сол жерде жаяу жүргіншіні қағып, «Газель» автокөлігімен соқтығысты. Оқиға бүгін таңғы сағат жетіде болған. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасы жүргізуде.