Welcome to Burabay жазуын қиратқан жүргізуші жауапқа тартылды

Кеше кешке Бурабай демалыс аймағындағы «Бурабайға қош келдіңіз» жазуын жеңіл көлік жүргізушісі қиратып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендер жоқ. Көліктің дөңгелегі атылып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Оған қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Енді ол 60 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Немесе алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.