424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде соңғы аптада 3000-нан астам қылмыс жасалды

  • 128
  • UPD: 13:28, 14.06.2021
Елімізде соңғы аптада 3000-нан астам қылмыс жасалды

Соңғы аптада елде үш мыңнан астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 2 мыңнан астамы тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ведомство өкілдері ел бойынша «Қару» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Мәселен, 17 мамырда басталған рейд аясында полиция қызметі атыс қаруы бар азаматтардың үйін аралап, тапанша мен мылтықтарды қауіпсіз сақтау жағдайын тексереді. Бұл науқан аясында тұрғындар өз иелігіндегі қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырып сыйақы ала алады.

Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:

- Егер азамат ойық ұңғылы автоматты тапсырған жағдайда оған 100 АЕК сыйақы төленеді. Ойық винтовка мен каранбиндер осы соманың жартысына дейінгі сыйақы төленеді. Пистолеттер мен револьверлер үшін төлем 100 мың тг болады. Әр бірлік тегіс ұңғылы қаруға 90 мың теңге.

Хабар 24 телеарнасы