425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда алаяқтар 60 адамды сан соқтырды

  • 152
  • UPD: 19:35, 14.06.2021
Көкшетауда алаяқтар 60 адамды сан соқтырды

Көкшетауда 60 адам алаяқтарға алданды. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, жәбірленушілер ватсап желісінде ашылған топқа қосылып, пайда табу мақсатында ақша аударып отырған.

Ал 24 млн теңге жинап алған ұйымдастырушы артынан ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, дейді құзырлы орган өкілдері. 

Айта кетейік, өңірде бұған дейін де осындай жағдай болған еді. 

Азамат Ысқақов, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда бұл қылмысты жасаған күдікті әйел анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы орайда тұрғындарға ескерткіміз келеді. Тез олжалы қылам деген қаржы ұйымдарының үгітіне алданып қалмаңыздар. Мұндай қаржы пирамидаларының барлығы бір жүйемен жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы