Қызылордада өрттен бес жасар бала көз жұмды

Қызылорда облысында көпқабатты үйде болған өрттен бес жастағы ұл бала көз жұмды.

Оқиға Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында болған. Пәтердегі киімдер мен жиһаздардың өртенуінен жалын 16 шаршы метр аумаққа жайылған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, үйден 8 адам құтқарылған.

Ғабит Ниеталиев, №9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Өрт 19 сағат 10 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер келем дегенше, жасөспірім баланың мәйіті тұрғындардың күшімен сыртқа шығарылған. Ғимарат ішінен 8 адам сыртқа шығарылды, 6-уы ересек, 2-уі бала. Өрттің шығу себебі анықталуда.