Өскеменде жатақхананың төбесі опырылып түсті   

Өскеменде екі қабатты жатақхананың төбесі опырылып түсті.

Облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, адамдар аман. Оқиға кеше кешкісін Тынышпаев көшесіндегі тұрғын үйде болған. Жатақхана типіндегі баспана 1950 жылы салынған. Ескі үйде баспалдақ тұсындағы төбе құлаған. Мамандардың есебінше, апат орны шамамен 8 шаршы метр. Оқыс оқиғадан соң жатақханада тұрып жатқан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілген.