Қостанайда әйел мен оның сегіз айлық баласын көлік қағып кетті

14 маусым күні кешкі уақытта Қайырбеков-Киевская көшелерінің қиылысында ВАЗ21102 көлігі әйел мен оның баласын қағып кеткен.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

ВАЗ21102 көлігінің 32 жастағы жүргізушісі көлік рөлін басқара алмай қалып, тратуардағы балалы әйелді қағып кеткен.  

Оқиға салдарынан 43 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген, ал оның сегіз айлық сәбиі дене жарақаттарын алған.