Елордалық полицейлер дүкен сатушысын қаруланған қарақшыдан құтқарды

Гоголь көшесіндегі сауда орындарының біріне жас жігіт баса-көктеп кіріп, пышақпен саудагерге сес көрсетіп, оны далаға шығарып тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін күдікті ғимарат есігін кілттеп, ішінде тағы бір сатушымен бірге қалған. Алайда 26 жастағы келіншек дабыл түймесін басып үлгереді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері есік арқылы ер азаматпен келіссөздер жүргізе бастаған кезде енді бір тәртіп сақшылары дүкенге екінші есіктен кіріп, қарақшыны ұстап алады. Алайда күдікті өз кеудесін пышақпен жарақаттайды.

Айта кету керек, қарақшы мас күйде болған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.