БҚО-да полицейлер аударылған көліктен үш адамды құтқарды

Темір тұлпар Желаев ауылына жақын жердегі жол бойында төңкерілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Патрульдік көлікпен сол жерден өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары апат болған жерге дереу барып, көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын салоннан шығарып үлгергені сол еді, автокөлік екі секундтан кейін жарылып, өртеніп кетті. Адамдарды ажал аузынан аман алып қалған патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарабалинов пен инспектор Александр Калиничев екенін айтып кету керек.