425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (видео)

  • 344
  • UPD: 13:54, 16.06.2021
Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (видео)

Жаңақорғанда жаппай төбелес болды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео кадрларынан бір топ адамның көшеде шулап, жүгіріп жүргені көрінеді. Сондай-ақ олардың бір-біріне белгісіз заттар лақтырып жатқанын көруге болады.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті 15 маусымда таңғы сағат 2:00-де Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұрақта тұрған көліктерді зақымдағанын айтты. Сонымен қатар, тұрақ маңындағы дүкенге материалдық залал келген.

«Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне 10 адам жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дене жарақатын алғандар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді ведомство өкілі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы