Оралда күзетте болған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды.

Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған.

Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Сәрсенов, 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.